Бұл туралы бүгін ӨКҚ өткен брифингте облыс әкімдігі қаржы басқармасының басшысы Г.Қайнарбеков мәлімдеме жасады, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA.
Жол картасына сәйкес биыл 3 ұйымды жекешелендіру жоспарланып отыр.
Сондай-ақ, осы жылы облыстың коммуналдық меншігіндегі 9 ұйым бәсекелес ортаға беріледі. Оның ішінде «Таразэнергоорталық» АҚ, «Жамбыл-Жылу», «Темір Жол Жылу» шаруашылық жүргізу құқығындағы және «Айша бибі» санаторийі» шілде айында шығарылатын болады.
Ағымдағы жылдың 27 маусымында «Тоғызкент» ЖШС-ін сауда-саттыққа шығару белгіленді. Және жоспарға сәйкес, Сарысу ауданының «Көгалдандыру және көріктендіру», «Тараз» ӘКК» Ұлттық компаниясы» АҚ-ның «Торгово-закупочная компания» ЖШС-ін жекешелендіру тамыз айында жүргізіледі.
Айта кетерлігі, өңірде Жекешелендірудің 2016-2020 жылдарға арналған кешенді жоспарының орындалуы барысында нәтижелі жұмыстар атқарылуда.