Бұл — Тараз қалалық мәслихатының тұрақты комиссияларының көпшілік тыңдауында Қоғамдық кеңес мүшелерімен бірлесіп шешілді, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA.
«Бәйтерек» шағын ауданы мен «Арай» алқабының арасындағы атауы жоқ жаңа көшеге мемлекет және қоғам қайраткері, Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы, Қазақстан Республикасының алғашқы Қорғаныс министрі, Армия генералы С. Нұрмағанбетовтың есімі беріледі.
Сонымен қатар, «Қарасай» алқабындағы Кенесары көшесі мен бұрылысына «Арман» атауы қайта берілетін болды.