Ауыл әкімдерін халықтың сайлау мүмкіндігі: Сенат заң жобасын кері қайтарды

0 16

Парламент Сенатының жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық заңының жобасы қаралды, — деп хабарлайды  «Zhambylnews» AA ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Заң жобасын талқылау барысында өзгерістер енгізу қажеттігі туындады. Яғни, салыстырмалы кестені қарастыру кезінде ауыл әкімдерін төте сайлауды енгізуге қатысты норманы алып тастауға қолдау жасалды.

Атап айтқанда, осыған дейін заң жобасында ауылдық деңгейдегі әкімдерді тікелей сайлау ескерілген болатын. Осы орайда әкім жергілікті тұрғындармен жалпыға бірдей тең төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы төрт жыл мерзімге сайланатыны қарастырылған еді.

Сенаттың жалпы отырысында баяндама жасаған депутат Владимир Волков түзетулер лауазымға сайлаудың және лауазымнан босатудың қолданыстағы тәртібін сақтау қажеттігіне байланысты енгізілгенін атап өтті.

Талқылаудан кейін сенаторлар заң жобасын енгізілген түзетулермен Мәжіліс қарауына бағыттау шешімін қабылдады.

Сонымен қатар, бүгін заңнамалық актілерге сайлау мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы ілеспе заң жобасы екі оқылымда қаралды. Талқылау барысында енгізілген түзетулерге қатысты сенаторлар бұл құжатты да Мәжіліске бағыттады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.