Геннадий Головкин мен Сауль Альварестің қарымта кездесуінің нақты уақыты мен өтетін орны ресми түрде белгіленді, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA Stan.kz — ке сілтеме жасап.
Бұл туралы Головкиннің ВКонтакте желісіндегі ресми тобында мәлімденді.
Белгілі болғандай қазақстандық және мексикалық боксшының екінші жекпе-жегі 15 қыркүйекте Лас-Вегастегі (АҚШ, Невада штаты) T-Mobile Arena-да өтеді.
Sports.kz мәліметінше, «Канелоның» промоутері де жекпе-жектің 15 қыркүйекте өтетінін растады. Ал аренаны алдын-ала брондап қойған екен.
Естеріңізге сала кетсек, “Канело” мен Головкиннің алғашқы жекпе-жегі де Мексикадағы тәуелсіздік күніне тұспа-тұс келген еді.