Жамбыл облысының ТЖД қызметкерлері ағымдағы жылдың 14-15 маусым аралығында облыста орын алған ТЖ туралы мәлімдеме жасады, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA.
Бөлімшенің хабарлауынша, 14 маусым күні сағат 12:40-та Шу ауданы, Қонаев ауылы, Абылай хан көшесі аяғында, суару арнасы, шомылуға арналмаған жерде шомылу барысында суға батып кеткен 1968 ж.т. азаматтың денесі өтіп бара жатқан адамдармен судан шығарылған.
Құтқарушылар: аудандық ТЖБ (2 қызметкер және 1 бірлік техника), КЖТТ (4 қызметкер және 1 бірлік техника).