Таразда Мемлекеттік қызметкерлер күні аталып өтті

0 12

Бүгін Тараз қаласы «Достық» алаңында «Алға басу-движение вперед» атты мемлекеттік қызметкерлер арасында қайырымдылық  жүгіріс өткізілді, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA.

Аталған шара Мемлекеттік қызметкерлер күніне орай ұйымдастырылды. Шеруге қала әкімі Ғалымжан Әбдірайымов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы Нәлібаев Мақсұт, облыс әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Жүнісбеков Нұрбол және Мемлекеттік қызмет саласының құрметті ардагері Төлендиев Қасымхан құрметті қонақ ретінде қатысып, қызметкерлерді атаулы мерекесімен құттықтады.

Сондай-ақ, жарысқа облыс аудандарының, Тараз қаласының мекемелер, ұйымдар, кәсіпорындар қызметкерлерімен қатар облыс тұрғындары да қатысты.

Жүгіріс екі бағыт бойынша өткізілді. Яғни, 1-бағыт ерлер қауымы 2,5 км «Достық алаңынан — ҚР Тұңғыш Президенті саябағына дейін жүгіріп өтсе, 2-бағыт әйелдер қауымы 1,5 км «Достық» алаңынан — Тараз Мемлекеттік педагогикалық университетіне дейін жүгірді.

Ұйымдастырылған жеңіл-атлетикалық жүгірістің жеңімпаздары мен жүлдегерлері медальдар және сертификаттармен марапатталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.