Пойыз апатынан қаза болған баланың отбасына 2 миллион теңгеден астам өтемақы төленеді

0 0

«Қазақтан темір жолы» компаниясы пойыз апатынан қаза болған баланың отбасына 2 миллион теңгеден астам өтемақы төлейтін болды. Ал, зардап шеккендерге алған жарақатының ауырлығына байланысты 500 мың теңгеден 1 миллион теңгеге дейін беріледі. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады. Сондай-ақ, жарақат алған жолаушыларға сақтандыру компаниясы да өтемақы төлейтін болды. Бұл туралы «Zhambylnews» AA хабарлайды Астана арнасына сілтеме жасап.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның ресми сайтында жазылған ақпаратқа сай, зардап шеккендер өтемақы алу үшін компанияға жүгінуге құққылы. Сондай-ақ, сақтандыру төлемін алу үшін олар «Мұнай сақтандыру компаниясы» акционерлік қоғамына тиісті өтініш жазуы қажеттігі айтылған. Компания бөлімшелерінің байланыс телефондары көрсетілген.

Бүгін сондай-ақ инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек пойыз апатына байланысты пікірін білдірді. Айтуынша, аударылып қалған пойыз қазір қалпына келтірілген. Оқиға бойынша сараптамалық жұмыстар басталған. Әзірге шойын жол көлігінің не себепті рельстен шығып кеткені анықталып жатыр. Тергеу жұмыстарына қазақстандық және ресейлік мамандар тартылған.

Жеңіс Қасымбек, ҚР Инвестициялар және даму министрі:

Бұқаралық ақпарат құралдарында апаттың түрлі себептері жазылған. Әзірге жағдайдың неден болғаны нақты белгісіз. Сол үшін оқиға орнында арнайы комиссия  жұмыс істеп жатыр. Таңертеңнен бері тиісті сараптамалық шаралар жүргізілді. Пойыздардың жанама соқтығысуы мүмкін деген алдын ала болжам расталмады.

Қазіргі барлық темір жол учаскелеріндегі пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету ісі қатаң бақылауға алынған. Апат болған жерде жөндеу және қалпына келтіру жұмыстары жүрып жатыр. Оған 9 бірлік техника, 300-дей жұмысшы тартылды. Пойыздардың қозғалысы тоқтамаған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.