Ағымдағы жылдың маусым айының 17-ші жұлдызында орын алған апатта «Астана — Алматы» бағытындағы жолаушылар тасымалдау пойызының зардап шеккендігі туралы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ» спикерлері Шу қаласына келіп, БАҚ өкілдерімен кездесу өткізді. Бұл туралы «Zhambylnews» AA Шу ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Кездесуге «Қазақстан темір жолы» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Алпысбаев Қанат Қалиұлы, ҚР ИДМ Көліктерді бақылау комитетінің төрағасы Асаубаев Әсет Асанұлы, «ҚТЖ-жүк тасымалдау» АҚ президенті-орындаушы директоры Кулаков Оралхан Райханұлы және Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері де қатысты.
Телевидения журналистерінің тарапынан бірнеше сұрақтар қойылып, толықтай жауаптар алынды.
«Қазақстан темір жолы» ҰК атынан қайтыс болған баланың отбасына 2 миллионнан астам теңге, ал зардап шеккендерге алған жарақаттарының денсаулығына келтірген залалының ауырлығына байланысты 500 мың теңгеден 1 миллион теңгеге дейін берілетінін айтып өтті.
«Арнайы комииссия оқиғаның себебін сараптауда. Нәтижесі бір айдың көлемінде хабарланады», -деді Әсет Асаубаев.
Орын алған оқиға бойынша Бас көлік прокуратурасы қадағалауымен құқық органдары қылмыстық іс қозғаған.