Жамбыл облысы Жуалы ауданында 200 шақырымға тарта жол жөндеуді қажет етеді. Бұл туралы «Zhambylnews» AA хабарлайды 24.kz сайтына сілтеме жасап.
Оның 150 шақырымы ауылішілік болса, қалғаны аудандық маңыздағы жолдар. Бұл мақсатта жергілікті бюджеттен 460 миллион теңгеге жуық қаражат бөлініп, жөндеу жұмыстары басталды. Жалпы сала мамандараның айтуынша аудандық жолдардың 79 пайызы қанағаттанарлық күйде көрінеді. Айта кету керек, жуырда «Талапты–Алатау застава»бағыты да жөнделмек. Қазір оған байқау жарияланып, мердігерлер анықталып жатыр.
Ерболат Сейтбеков, Жуалы аудандық ТКШ бөлімінің басшысы:
— Нақты толық қадағалауға алынған. Бұл жолдарға кепілдік әрине беріледі. Жол жөнделіп жасалып біткеннен кейін бұл жолдардың өзінің құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес орта жөндеулер екі жарым, үш жылға дейінгі қадағалау болады. Жыл сайын мердігерлермен қағалап, ойылған жерлер болатын болса оны қайтадан қалпына келтіру жұмыстарын атқарып отырады.