Жамбыл облысында пойыздың рельстен шығып кетуінен зардап шеккен сегіз жолаушы кеше кешкісін Алматыдағы №4 клиникалық ауруханаға жеткізілген. Бұл туралы «Zhambylnews» AA хабарлайды 24.kz сайтына сілтеме жасап.
Жолаушылар басынан жарақат алып, шекелері сырылған. Сондай-ақ жамбас-сан еттері, көкірек және құрсақ қуысы зақымданған. Дәрігерлердің тиісті тексерулерінен кейін зардап шеккен сегіз жолаушы да амбулаториялық ем қабылдауға жіберілді.