Жамбыл облысындағы пойыз апатына қатысты қылмыстық іс қозғалды

0 0

Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев Жамбыл облысында орын алған апаттың салдарын жою жұмыстарын қатаң бақылауына алды. Бұл туралы Үкімет отырысында мәлім болды, — деп хабарлайды «Zhambylnews» АА 24.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқиға бойынша бүгінде қылмыстық іс қозғалып отыр. Аударылған пойыз вагондары 2012-2016 жылдар аралығында шыққан. Темір жолдар 6 маусым күні тексеріліп, барлық техникалық талаптарға сай екені анықталыпты.

Еске сала кетсек, 17 маусым күні Астана-Алматы бағытындағы №9 пойызы Жамбыл облысы Шу бекетінде рельстен шығып кетіп, салдарынан 2006 жылы туған бала қайтыс болды. Тағы 25 адам түрлі жарақат алған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.