Астана-Алматы пойызын басқарған машинист ұсталды, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA КТК телеарнасына сілтеме жасап.
Полицейлер Астана-Алматы пойызын басқарған машинисті ұстады. Сондай-ақ, тергеуге сегіз вагон рельстен шығып кеткен жерде кезекшілік атқарған теміржол қызметкерлері де шақырылды. Апат салдарынан зардап шеккен жолаушылар өтемақы алатын болады.
Еске салайық, Жамбыл облысында жолаушылар пойызының вагондары рельстен шығып кетті. Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды. Бас көлік прокуратурасы тергеу барысын өз бақылауына алды.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі қаза тапқан жасөспірімнің туыстарына көңіл айтып, тергеуді жеке өз бақылауына алды.