Таразда достары өртеп жіберген баланың жағдайы ауыр

0 7

Таразда алты жастағы баланы өртеп жіберу оқиғасына байланысты қылмыстық іс қозғалды, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA  bnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Жамбыл облысының тергеушілері 17 маусымда Таразда болған шулы жағдайға қатысты қылмыстық іс қозғады. Балалар ойнап жүрген кезде тез жанғыш сұйықтықты 6 жастағы баланың үстіне белгісіз жағдайда құйып, өртеген.

«Осы жағдайға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Жағдайдың мән-жайы әзірге белгісіз», — дейді Жамбыл облысы ІІД Жергілікті полиция қызметінің бөлім басшысы Қуаныш Қалжанов.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі бала №1 қалалық ауруханаға жатқызылғанын хабарлады.

«Баланың денесінің 18 пайызы өртеніп кеткен. Жағдайы ауыр, бірақ тұрақты», — дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасындағылар.

Leave A Reply

Your email address will not be published.