Балалар қауіпсіздігі басты назарда

0 7

ТЖД су айдындарында балалардың өлімін болдырмау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында профилактикалық іс — шара өткізді, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA.

Шара барысында судағы қауіпсіздік ережелері, суға батқан кездегі алғашқы көмек, балалардың отпен ойнауы, өрт болған кезде өзін ұстау ережесі бойынша ашық ауада теориялық және практикалық сабақ өткізілді.

Судағы қайғылы жағдайлардың негізгі себебі — балалардың судағы қауіпсіздік ережелерін дөрекі бұзуы немесе оны білмеулерінен, балаларды ересек адамдардың қарауынсыз қалдыруы, сонымен қатар, шомылуға жабдықталмаған және тыйым салынған учаскелерде жүзу болып табылады.

ТЖ департаменттің статистикалық мәліметі бойынша 2018 жылғы 6 айында облыс аумағында 7 — і адам суға батып кетсе, оның 3 — уі бала болған.

Сондай – ақ, ТЖ алдын алу Жамбыл ауданында «Болашақ», «Рауан», Т.Рысқұлов ауданында «Ә. Молдағұлова» лагерлерінде жазғы уақытта суда шомылудың қауіпсіздік шаралары жүргізілді.

Осы бағытта профилактикалық жұмыстар сауықтыру лагерлерінде демалыс мерзімі біткенге дейін жалғасады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.