Нұр Отан партиясының бағыты айқын

0 1

2018 жылдың 19 маусымы күні партия аудандық филиалының мәжіліс залындапартияның аудандық маслихатындағы депутаттық фракцияның отырысы болып өтті, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA.

Фракция отырысында алғы сөзді алған фракция жетекшісі А.Ахметова отырысқа қатысушыларды Елордамыздың 20 жылдық мерей тойымен құттықтап, Астананың абыройын асқақтатуға көзделген Елбасы, партия Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың 20 жыл ішіндегі даму жолдарын айта келе, фракцияның жасалған жұмыстарына кеңінен тоқталып өтті.

2018 жылдың І жартыжылдығы бойынша аудандық мәслихатқа сайланған 13 депутаттың 13-і «Нұр Отан» партиясының мүшелері. Бұл көрсеткіш аудандық мәслихат депуттарының 100 пайызын құрайды.

Сондай-ақ, депутаттық фракция мүшелері өңірдегі қоғамдық-саяси және мәдени-көпшілік шаралаға белсенді түрде қатысып, түрлі әлеуметтік топтар арасында Елбасының Жолдауын, бағдарламалық мақаласын, әлеуметтік бастамаларын насихаттауға, түсіндіруге ат салыса отырып,  қайырымдылық іс-шараларына, партиялық жобалар аясында өткізілетін шаралардың бел ортасында болғандығын жеткізді.

Жалпы, жылдың І жартыжылдығында депутаттық фракцияның мүшелері 39 қоғамдық қабылдауға келген 76 адамның өтініштертерімен қабылдап, оның ішінде  69-ның оң шешімін табуына ықпал етсе, 7 адамға түрлі кеңестер беріп, түсіндірме жұмыстарын  жүргізген.

Қазақстан Республикасының бюджетінен бөлінетін қаржыландыру мақсатты және тиімді жұмсалуын  бақылау жасау бойынша партияның аудандық мәслихаттағы депутаттық фракция жанынан құрылған комиссиялардың отырыстары әр тоқсан сайын ұйымдастырылып, есептері тыңдалған.

Есепті мерзімде фракцияның 2 отырысы өткізіліп, күн тәртібінде 6 мәселе қаралған. Отырыста есеп берген бөлім, мекеме басшылары мен кеңес төрағаларына, сұрақтар беріліп, тиісті жауаптар алынып, алдағы уақытта орындалар тапсырмалар нақтыланып, фракция мүшелері арасында міндеттер жүктелді.

Алдағы уақытта  «Нұр Отан» партиясының аудандық мәслихаттағы депутаттық фракциясының мүшелері Елбасы, Партия Төрағасы Н.Ә.Назарбаев жүргізіп отырған мемлекеттік саясатқа кең қолдау көрсетіп, партияның бағдарламалық құжаттары талаптарын жүзеге асыру мақсатында жоспарлы жұмыстарын жүргізу өз жалғасын табатын болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.