1 шілдеден бастап Қазақстанда амбулаториялық карта жойылады

0 4

2018 жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстандағы медициналық ұйымдар науқастарды қағазсыз қабылдауға көшеді, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Сәйкесінше, науқастарға амбулаториялық карталар мен флюрографиялық жазбаларды алып жүрудің қажеті болмайды. Медициналық қызмет алу үшін оларға жеке куәлікті көрсету жеткілікті.

«Биыл 1 қаңтардан бастап, 4 облыс (Қарағанды, Қостанай, БҚО) қағазсыз ауруханалар пилоттық жобасына енді. 1 сәуірден бастап, бұл пилоттық жобаға тағы 4 аймақ (ОҚО, Маңғыстау, Павлодар, СҚО) қосылды.  1 шілдеден бастап — қалған өңірлердің барлығы және Астана мен Алматы қалалары науқастарды қағасыз қабылдауға көшеді. Яғни, пилоттық жоба аясында амбулаториялық карталар жойылады. 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап, тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемін көрсететін барлық медициналық ұйымдар 100% тек қана ақпараттық жүйелерде жазба жүргізеді және ақпараттар қағазға көшірілмейді», — деді ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында.

Вице-министрдің айтуынша, қазірдің өзінде электронды үкімет пен медициналық ақпараттық жүйелер көмегімен дәрігерге онлайн-порталдар арқылы жазылу, дәрігерді үйге шақыру қызметтерін пайдалануға болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.