Қазақ-қырғыз шекарасында сарбаз өлім аузынан қалды (ВИДЕО)

0 0

Көлік бар жылдамдықпен келіп шекарашыны қағып кете жаздады. Қырғызстанның әлеуметтік желілерінде тарап кеткен видеода автокөлік шекарадағы өткізу бекетінің қақпасына бар жылдамдықпен соғылған. Бұл туралы «Zhambylnews» AA Sрutnik Қазақстанға сілтеме жасап хабарлайды.

Видеоның астындағы жазбада оқиғаның қазақ-қырғыз шекарасында Қазақстанның Қордай ауылы маңында болғаны айтылыпты.

https://www.instagram.com/p/BkTLl16nMYK/?taken-by=bezpredelkg

Кадрларға қарағанда, шекарашы қара көлікті тексеріп жатады, сол кезде қатты жылдамдықпен келген ақ кроссовер қақпаға соғылған. Соққы салдарынан қара көлік алға сәл жылжып кетті. Абырой болғанда, шекарашы да шетке ығысып үлгеріпті.

Мемлекеттік шекара қызметінің мәліметі бойынша оқиға Қырғызстан территориясында болмаған. Дегенмен анық-қанығы тексеріліп жатыр.

Бастапқы деректер бойынша, бұл жайт Қазақстан аумағында болыпты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.