«Агробизнес-2020» бағдарламасының аясында ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі артып келеді

0 16

Тараз қаласы әкімінің орынбасары Ж.Өмірзақовтың айтуынша, бүгінгі күнге 61 шаруа қожалығы және «Заң» ЖШС тіркелген. Тіркелген шаруа қожалықтары өсімдік шаруашылығымен айналысады.

Статистика басқармасының мәліметіне сәйкес, қала аумағында ауылшаруашылық өнімдерін өңдеумен айналысатын  87 цех пен мекеме қызмет атқарады.     Сондай-ақ, қала аумағында бидай өнімін өңдеп, ұн өнімдерін шығаратын «Беркут», «Дарамил», «Астық қоймасы» ЖШС-і тұрақты түрде өз жұмыстарын жүргізуде.

«Агробизнес – 2020» бағдарламасын насихаттау мақсатында қала бойынша тіркелеген агроқұрылым басшыларымен тұрақты түрде семинарлар өткізіледі.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру және өңдеу саласындағы кластерлік бағдарламаларды дамыту бағыты бойынша «Агробизнес – 2020» бағдарламасы аясында 2016-2017 жылдары Тараз қаласының ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші кәсіпорындары мемлекет тарапынан қаржыландырылды.

Агроқұрылым басшыларына мемлекеттік қолдау ретінде бөлім тарапынан субсидия алуға тиісті жұмыстар жүргізілуде. 2017 жылға 5 шаруа қожалық тарапынан 66,9 тонна көлемінде минералды тыңайтқыштар (аммофос-23,3 тонна, аммиакты селитра-43,6 тонна) алуға өтінімдер қабылданып, субсидия алды.

Ауыл шаруашылығы саласының бәсекеге қабілетілігін және өнімділігін арттыру мақсатында қала аумағында орналасқан «Рамазан» ШҚ-ы 0,87 га жерге жылыжай салу үшін Әлеуметтік Кәсіпкерлік Корпорациясы (ӘКК) арқылы  қаржылай көмек ала отырып, тамшылатып суару технологиясын енгізді.

«Рамазан» ШҚ-ы қазіргі уақытта Тараз қаласы дүкендерін қиярмен қамтамасыз етуде. Аталмыш ШҚ басшысы 5 адамды тұрақты және 8 адамды маусымды жұмыспен қамтуда.

2017 жылы «Рамазан» шаруа қожалығы «Басым дақылдарды және ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өндіру шығындарын ішінара өтеуге»  субсидия алды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.