«Украина темір жолдары» компаниясы Қазақстанда шығарылған тепловоздарды сатып алуды жоспарлап отыр, -деп хабарлайды «Zhambylnews» AA Baq.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
«Қазақстан темір жолы» АҚ-ның баспасөз қызметі таратқан хабарламаға сәйкес, украиналық теміржол компаниясы «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ мен «Электровоз құрастыру зауыты» ЖШС шығарған өнімдермен танысқан.
Аталған қазақстандық компанияның зауытында украиналық компания өкілдеріне ТЭ33A және ТЭП33A тепловоз сериясымен, KZ8A және KZ4A атты электровоздың түрлері таныстырылған.
Сонымен қатар, Астанадағы эксплуатациялық локомотив депосында қазақстандық тарап украиналық әріптестеріне аталған тепловоз бен электровоздарға сервистік және кепілдік негізінде қандай қызмет көрсетілетінін түсіндірді.
«General Electric Company» компаниясының шектелмелі келісімінің алғашқы кезеңін жүзеге асыру барысында «Украина темір жолдары» 2018 жылдың аяғында ТЭ33АС тепловоз сериясының топтамасын сатып алмақ.
«Украиналық әріптестеріміз құрылыс саласындағы және GE компаниясының дизельдік локомотивтерді пайдаланудағы тәжірибемізге қызығушылық танытты. Сондай-ақ, біз жетістеріміз бен жұмысымыздағы қағидаттар туралы айтып бердік», — деді «ҚТЖ — Жүк тасымалы» АҚ-ның операциялық қызмет бойынша вице-президент Марат Шакенов.