25 маусымда атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады, кей жерлерде жаңбырмен бірге найзағай болады, желдің күшеюі күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал, дауыл соғады. Тек республикамыздың батысында жауын-шашынсыз болады, — деп хабарлайды Қазгидромет.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде — желдің екпіне 15-25 м/с үдейді, найзағай жарқылдап, дауыл соғуы, бұршақ жаууы мүмкін.
Алматы, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде найзағай, желдің күшеюі 15-25 м/с күтіледі. Түркістан облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-25 м/с-ге күшейеді, найзағай, дауыл күтіледі.
Қарағанды облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с үдейді, найзағай жарқылдап, бұршақ болуы мүмкін.
Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдап, желдің жылдамдығы 15-20 метр секундқа жетеді, тұман түседі.
Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық сақталады, Батыс Қазақстан облысында аптап ыстық күтіледі, кей жерлерінде өте ыстық болады.