Жуалыда 250 түп «павлония» көшеттері отырғызылды

0 5

«Жуалы ауданының Құрметті азаматтары» аллеясына «Туған жерге тағзым» акциясының аясында 250 түп ерекше ағаш отырғызылды, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA.

«Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы ұйымдастырған бұл шараға мектепті «Алтын белгі» төс белгісі мен  үздік аттестатпен аяқтап отырған түлектер қатысты.

Акцияның мақсаты – ауыл-аймақты көркейту, көгеріштендіру, жастардың бойында қоршаған ортаның тазалығын сақтау мен құрметтеу мәдениетін қалыптастыру.

180 жылға дейін өсетін «Павлония» талы елімізде аса сирек кездеседі, Шығыс Азияның тропикті аймақтарында өсетін ағаштың ерекшелігі, ол көктемде бүршік жармас бұрын, гүлдейді екен. Бұл ағаштан аса құнды жиһаздар мен музыкалық аспаптар жасалады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.