Осы жексенбіде Жамбыл телеарнасының ұйымдастыруымен және қала әкімдігінің қолдауымен белгілі журналист Мұса Рахманбердиев атындағы бильярд турнирі өтті, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA Жамбыл арнасына сілтеме жасап.
Биыл 12 — рет ұйымдастырылған додада 40 — тан астам үміткер бақ сынады. Бұл өткен жылдармен салыстырғанда, турнирдің қанатын кеңге жайып келе жатқанын көрсетеді.
Ал, финалдық кезеңде кездескен спорт басқармасының баспасөз хатшысы Бауыржан Әбдіманап пен Жамбыл арнасының телеоператоры Серік Тәжібаев тамаша ойын өрнегін көрсете білді. Екі айналымда бір-бірінен айласын асыра алмаған қос қарсылас, үшінші кезеңде өзара кім мықтыны анықтады. І – орын Серік Тәжібаев, ІІ – орын Бауыржан Әбдіманап, ІІІ – орын Нұрболат Әлдибекке бұйырды.
БАҚ өкілдері асыға күткен, биылғы достық додасының тағы бір ерекшелігі, тек жеңімпаздар ғана марапатталып қоймай, шебер ойын көрсеткендер де, қаржылай сыйлыққа ие болды.