Egov.kz-порталында жеке тұлғалардың жазбаларын тексеру үшін жаңа қызмет іске қосылды, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Бұл сервис азаматтардың: тууы, өлім, неке қию, ажырасу, бала асырап алу, әкелігін анықтау, аты-жөнінің өзгеруі секілді барлық 7 оқиға қызметінің (оның ішінде 2008 жылға дейін жасалған) архивтегі акті жазбаларын цифрлауға және тексеруге мүмкіндік береді.
Енді жоқ немесе дұрыс емес мәліметті түзетуді цифрландыру үшін мына сілтеме eGov.kz арқылы құжаттардың сканерленген көшірмесін жіберсеңіз, сол жеткілікті.
Мысалы, Сіздің балаларыңыздың туу туралы актілік жазбасын тексеру кезінде, бала туралы деректер (тегі, аты, азаматтығы, ұлты, туған күні, ана мен әке туралы мәліметтер) ұсынылған бөлімінде дұрыс емес жазбалар енгізілгенін байқасаңыз, құжаттардың сканерленген көшірмелерін қойып, ақпаратты жаңартуға болады.
Қызмет көрсетудің нәтижесі АХАЖ АЖ мәліметтерін жаңарту мәртебесі туралы ақпарат болып табылады. Қызметтің көрсетілуі мерзімі — 1 жұмыс күні, қызмет тегін көрсетіледі. Бұл сервис электрондық үкімет порталының басты бетінде орналасқан.