Бұл жайлы ТЖД тәулік сайынғы ақпаратында мәлімдеді, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA басқарманың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«25 маусымда сағат 17:18-де Тараз қаласы, «Базарбай» каналында тұрғындар 1962 жылы туған азаматшаның мәйітін тапқан. Кейін Жедел құтқару жасағының 4 қызметкері 1 техниканың күшімен мәйітті судан алып шықты», — делінген ведомствоның хабарламасында.
Қазіргі уақытта, қаза болу себебі анықталуда. Сот медициналық сараптама тағайындалды.
Сонымен қатар, осы күні сағат 13:58 — де Қордай ауданындағы, Әлжан — ана ауылы, Бәйдібек көшесіндегі үйдің ауласында 70 тонна шөп жанып кеткен. Күндізгі сағат екілер шамасында басталған өрт жарты сағаттан кейін толымен өшірілген.