Головкин тағы да Альварестің алдында «кішіреюге» дайын екенін айтты

0 0

Орта салмақтағы WBA Super, WBC және IBO тұжырымдарының чемпионы Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО) Сауль Альварестің (49-1-2, 34 КО) қандай талабына көнуге дайын екенін айтты, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA  Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

«Канело» рингке соңында шыға алады. Сондай-ақ, оны соңынан таныстыруы мүмкін. Алайда рингтен кім соңғы болып кететіні ғана маңызды, ол мен боламын!», – деп мәлімдеді Головкин.

Айта кетейік, 2017 жылдың 16 қыркүйегінде Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да өткен олардың алғашқы жекпе-жегінде де  Головкин әлем чемпионы болғанына қарамастан «Канело» рингке соңында шыққан еді. Алғашқы кездесу тең аяқталды.

Головкин-Альварес рематчы 15 қыркүйек күні Лас-Вегаста сағат 17:00-де (Астана уақытымен 16 қыркүйек, таңғы 06:00) басталады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.