Жамбылдық жастар жазда не істейді?

0 6

Қала әкімдігінің мәжіліс залында Тараз қаласы әкімінің орынбасары Кенжебек Олжабайдың төрағалығымен Жастар ісі жөніндегі кеңес отырысы өтті. Бұл туралы «Zhambylnews» AA хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жиында жас жеткіншектердің жазғы уақытта бос уақытының ұйымдастырылуы басты мәселе ретінде қаралды. Онда сөз алған Жергілікті полиция қызметі басшысының міндетін атқарушы Мұрат Алтаев баяндама жасады. Жиналыс барысында жастар арасындағы есірткіні онлайн-тренинг бойынша тарату үлкен мәселе болып отырғандығы да айтылды.

Есірткіні тарату мәселесін тоқтату бойынша қала әкіміне көптеген ұсыныстар тасталды, бұл есірткі саудалаушыларға қарсы күрестің бір қадамы болды. Кенжебек Мамашбайұлы бөлім басшыларына жасөспірімдерді спорттық және қоғамдық жұмыстарға тарту туралы тапсырма берді. Жастар мен азаматтардың жұмыс мәселесі де айтылды. Педагогтар тарапынан 14-16 жас аралығындағы оқушылардың жұмысқа орналасуындағы қиындықтары туралы өз ойларын ортаға салды.

– Сайттарда оқушылардың жазғы уақытта жұмыс іздеп жүргендері туралы хабарламалар өте көп, олар ең ауыр жұмыстарды орындауға дайын. Бірақ жұмыс берушілер тарапынан оларды жұмысқа алуға асықпайды, күрделі мәселе деп санайды. Заң жүзінде шешетін мәселелер көп. Барлық айтылған мәселелермен қатар 2021 жылға дейін жұмыссыздар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға жұмысқа орналастыру мәселесіне шешімін тауып заң жүзінде қадағалаймыз, – дейді Халыққа қызмет көрсету орталығының директоры Елдос Кеңесбеков.

Leave A Reply

Your email address will not be published.