Таразда қоғамдық тәртіп күшейеді

0 7

Бұл туралы Тараз қалалық мәслихатының кезектен тыс 32-ші сессиясында қаралды, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA.

Жиын басында жергілікті полиция қызметінің қорытынды есебі тыңдалды. Қала бойынша қылмыстық құқық бұзушылық 36%-ға кеміген. Қоғамдық жерлер мен көшелерде жасалған қылмыстардың, соның ішінде тонаудың артуын болдырмау мақсатында, 24 нүктеде профилактикалық іс-шаралар өткізілген. Оның ішінде мөлтек аудандар мен Тараз қаласының жеке тұрғын үй секторлары  бар. Соның нәтижесінде 267 қылмыс ашылған.

Сондай-ақ, қалада 206 сыртқы бейнебақылау камерасы орнатылған.

Айта кететін жай, «Ауыл береке» базары мен «Автобекет» маңында әлі күнге дейін қоғамдық тәртіп түзелер емес. Мәселен,  автобус аялдамалары жүйесіз орналасқан соның салдарынан жол апаты жиі орын алуда. Баласын көтеріп қайыр тілеушілердің көптігі де қоғам тыныштығын бұзуда.  Осы орайда, мәслихат депутаттары мұндай жерлерге жүйелі тәртіп орнату үшін сала басшысына тиісті шаралар қабылдап, қылмысқа қарсы күрестің жаңа әдістерлерін әзірлеу керектігін айтты.

Жиын соңында  ұсынылған басқа да сұрақтар бойынша  шешімдер шығарылып, қаулы қабылданды.

Мұрат АЛТАЕВ, ТАРАЗ ҚАЛАСЫ ІІБ ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ:

— Сұрақтарыңыздың барлығын мен өзімнің бақылауыма алдым. Сіздердің арыз-шағымдарыңыз бойынша нақты шешім шығарып, жауабын жолдаймын.

Leave A Reply

Your email address will not be published.