Тараз — туризмге қолайлы аймақ

0 31

Тараз – туризмді дамытуға қолайлы аймақ. 

Облыс әкімі Асқар Мырзахметов бұл саланы дамыту үшін кәсіпкерліктен бөлектеп, туризм басқармасын да құрды. Сонымен бірге, аймаққа туристерді тартып, Жамбыл жерінің жауһарларын барынша паш етуге арналған арнайы карта жасақтауды тапсырған болатын. Бүгін жауапты сала басшыларынан бұл мәселенің қалай шешіліп жатқандығы сұралды.

Біздің облыс шын мәнінде, туристік кластерді дамытуға таптырмас аймақ. Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан шежірелі өлке  тарихи мәдени ескерткіштерге  бай. Туристердің қызығушылығын тудыратын дүниелер көп мұнда. Бірақ осыған қарамастан, өңірдің туризм саласының жағдайы мәз емес. Аймақ басшысы біздің облыстың  туризм саласына ерекше екпін салу керектігін жыл басынан бері айтып-ақ келеді. Дегенмен, бұл саладағы жұмыс бір жүйеге түсе алмай отыр. туризмді дамыту басқармасы тарапынан жасалған Жамбыл облысының ішкі және көшпелі туризмінің ондаған беттік даму картасы қайта жасауды талап етеді.

Асқар МЫРЗАХМЕТОВ – ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

 Бір ғана құжат, соның ішінде ең керек деген дүниенің бәрін, бүгінгі таңда қолбайлау болып отырған, мәселелер қандай? Соларды шешуіміз үшін біз не істеуіміз керек? Соны ғана айтуымыз керек. Топырлаған бағдарламаның бәрін қабылдағаннан түк те шықпайды.

Жергілікті билік бұл саланы дамыту үшін қанша қаражат болса да, қарастыруға дайын. Себебі, көзін тауып, іс жасағанға туристік кластер нағыз табыстың көзі.

Жангелді ҚОЙБАҒАРОВ — КӘСІПКЕР:

 — Басқаны айтпағанда, ең болмағанда туризмді дамытуға лайықты  деген 4-5 орынды нақтылап, ол жердегі проблемалық мәселелерді анықтап, шешу жолдарын қарастыру қажет. Сонымен бірге, онда жұмсалатын қаржы көлемі, қазіргімен салыстырғанда, келешектегі жағдайы туралы болжам сынды тетіктерге талдау жүргізілу керек, — деді.

Асқар МЫРЗАХМЕТОВ – ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ : 

— Нақты мәселе міне, Айша бибінің әлеуетін қаншалықты пайдаланып отырмыз? Немесе Тараз қаласының әлеуетін қалай пайдаланудамыз? Ондағы проблема не? Оның ішінде айталық, аэропортқа келген кезде миграционный қағаз, немесе туристердің жататын қонақ үйі, қандай қонақ үй бар? жағдайы қандай? Ол жерде нені өзгерту керек, иесі кім? Я болмаса, қандай қонақ үй салу керек? Нақты ма? Нақты.  Міне осындай мәлімет керек бізге.

Яғни, екінші жартыжылдық пен келесі жылы осы салада атқарылатын жұмыстардың жоспарын түзу керек. Қызыл сөзден қызу іске кіріскен маңыздырақ. Келген туристерге көрсетілетін сервистік қызмет әлемдік стандартқа сай болуы тиіс.

Жамбыл облысы туризм басқармасының алдында облысымыздағы туризм саласын дамыту бойынша шешілуін қажет ететін біраз мәселелер тұр. Мысалы, облыс аумағында туристік орындарда жол жағдайы нашар, кей жерлерде мүлдем жолдың жоқ, тағысын тағылар.  Сондықтан, осы сынды туризмді дамытуға тұсау болып отырған жағдайларды қайта зерделеу тапсырылды.

Дереккөз: Jambyl tv

Leave A Reply

Your email address will not be published.