Келер жылдан бастап оқытудың тек күндізгі формасы ғана қалады. Елімізде осы жылы соңғы рет сырттай оқуға студенттер қабылданады, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.
«Колледждің базасында жоғары білім алуға немесе екінші жоғары білім алуға ниеті барлар осы жылы ғана құжат тапсыра алады», – деп мәлімдеді С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің қабылдау комиссиясы.