Қазақстанда салық төлемеген тұлғалар банктерде есепшот ашып, несие рәсімдей алмайды, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Салық кодексіне енгізілген толықтырулар мен өзгертулерге сәйкес банк операцияларын жүргізетін банктер мен ұйымдар салықтық борышы немесе әлеуметтік борышы бар тұлғаларға есепшот ашудан бас тартуға міндеттелді.
«1 шілдеден бастап салық қарызы бар азаматтар банк есепшотын аша алмайды. Тиісінше ақша аударып, несиеге тұрмыстық техника немесе ақшалай несиеге қол жеткізе алмады», — делінген хабарламада.
Одан бөлек олар 1 шілдеден бастап жұмысқа тұрса, жалақы ала алмайды.
Себебі, жұмыс берушілердің көпшілігі жалақыны банк картасына аударады.
Салықтық борыштың бар жоғын kgd.gov.kz сайтынан немесе тұрғылықты мекенжай бойынша салық органынан білуге болады.