Жамбыл облысында орын алған пойыз апатының жылы жабылып қалар түрі бар

0 2

Жамбыл облысында мыңға жуық жолаушысымен аударылған пойыз апаты жылы жабылып қалар түрі бар. Екі апта өтсе де жауаптылар жарытып жақ ашпады. Ал әу баста тежегішті басты деген машинист ұшты-күйлі жоқ. Бұл туралы «Zhambylnews» AA 31 арнаға сілтеме жасап хабарлайды.

Адам ажалымен аяқталған апаттың әлі нақты себебі айтылмады. Істің басы-қасында жүрген көлік прокуратурасының аузынан сөз алу қиямет — қайым. Тергеу амалдары аяқталмаса да, тексеру барысы жайында еш мағлұмат жоқ. Алғашында жолаушы пойызын жүк пойызы жанай соғып құлатқанын жол серіктері айтқан еді.

Артынша Инвестициялық даму министрлігі көлік комитетінің төрағасы шұғыл брифинг өткізіп, мұны жоққа шығарды. Қақтығыс пойыз жолдан шыққаннан кейін болды деген. Бір қызығы сол жүк пойызы туралы ешқандай мәлімет таратпады. Не тиелгені, қайда бара жатқаны да айтылмады. Көптің күдігін күшейткен де осы. Тағы бір болжамда апат рельстердің кеңейіп кетуінен деп те айтылды. Оны да Ресей асып келген мамандар егжей-тегжейлі тексеріп болған соң белгілі болады деген. Бірақ өткен айдың ортасында болған апат жайында еш жерде мағлұмат жоқ.

Ал сегіз жүзден астам жолаушысы бар пойызды басқарып келген машинист жайында тіптен ақпар кездеспейді.

ЖЕҢІС ҚАСЫМБЕК, ҚР Инвестициялар және даму министрі:

– Қыстан кейін сол күндері түнгі температура, күндізгі температура қатты өзгерілді. Сондықтан осындай мәселелер бар. Сосын бұрын тексерген комиссияларға сұрақ бар. Енді біздің комиссия жұмыстарын 2-3 аптаның ішінде бітіреді. Нақты мәліметті береміз.

НҰРАДИН РАҚАЙ, тілші:

– Басында барлығы ашық жүргізіледі делінген іс осылайша жұрт назарынан тыс қалып барады. Әрине тергеу аяқталмай — ақ қарасын айтуға ешкім құлықсыз. Алайда бәрі тергеуге тіреліп, ресми жауаптың кешігуі ел арасында түрлі қауесеттердің шығуына түрткі болуда.

Leave A Reply

Your email address will not be published.