Жамбыл облысында аң мен құсты аулауға 2 жылға мораторий жариялануы мүмкін

0 1

Аймақ басшысы Асқар Исабекұлы облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Ормандарды қорғау жедел қызметі» КММ-нің 2017-2018 жылдарда атқарған жұмыстары туралы жиын өткізді, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA.

Жиында жануарлар дүниесі жойылып бара жатқандығы, сексеуілдер азайып, балық шаруашылына қадағалау жоқтығы мәселелері сөз болды.

Облыс әкімі Асқар Мырзахметов жауапты басшыларға нақты тапсырмалар жүктеп, орманды, аң, балық және өсімдік дүниелерін қорғау жұмыстарына атүсті қарамау керектігін қадап айтты.

Өз кезегінде аталған олқылықтың орнын толтыру мақсатында Қоғамдық кеңес құру керектігін аймақ басшысы тілге тиек етті. Қоғамдық кеңеске шын жанашыр, шын патриот, қыли қадағаламайтын бақылаушыларды мүше қылу керектігін де ескертті.

Ең бастысы, Асқар Исабекұлы жауапты басшыларға аң және балық ауламау, сексеуіл кеспеу, сонымен қатар өсімдіктер дүниесіне зиян келтірмеу мәселесіне қатысты Жамбыл облысында 2 жылға мораторий жариялауға ұсыныс еңгізуді тапсырды.

Айта кетерлігі, ағымдағы жылдың 13 маусымы күні аймақ басшысы Асқар Мырзахметовтің тікелей бастамасымен Жамбыл облысының жануарлар дүниесін, табиғатын сақтау және көбейту ДЕКЛАРАЦИЯСЫ өз күшіне енген болатын.

Облыс әкімінен бастау алған жауапты басшылар Жамбыл облысының биологиялық және экологиялық жағдайын жақсарту мақсатында, заңсыз, қанағатсыз аң, құс, балық аулау, өсімдіктерді пайдалану жағдайлары орын алмас үшін аталмыш ДЕКЛАРАЦИЯҒА қол қойған болатын.

Сонымен қатар, 13 маңызды міндеттемеден тұратын ДЕКЛАРАЦИЯНЫ қолдауға және іске асыруға облыстағы мемлекеттік қызметтегі, квазимемлекеттік сектордағы лауазым иелері, кәсіпкерлер, қоғамдық ұйымдар мен белсенділер және елді мекендердегі аң, құс, балық аулаумен әуестенетін тұрғындар шақырылған-ды!

Leave A Reply

Your email address will not be published.