Таразда «Ел жүрегі — Астана» атты облыстық байқау өтіп жатыр

0 1

Бүгін Таразда облыстық көрме залында «Ел жүрегі — Астана» атты облыстық декоративті қолданбалы өнер байқауы өтіп жатыр, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA.

Облыс әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасының ұйымдастыруымен өтіп жатқан байқауда Жуалы, Байзақ, Шу аудандары мен Тараз қаласындағы арнаулы оқу орындары мен «Мүмкіндігі шектеулі» жастар қоғамының мүшелері бақ сынауда.

Сондай-ақ, аталған көрмеде жас ісмерлер бұрын еш жерде жарияланбаған, табиғи материалдан жасалған 10 дайын авторлық туындыларын ұсынуда.

Шеберлердің жұмысты ұсынуына қарай қазылар алқасы баға беріп, үздіктер дипломдармен, арнайы сыйлықтармен марапатталады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.