Психологтар адамдардың неліктен жұмыс уақытына қарағанда, демалыста көп шаршайтынын түсіндірді

0 2

Психологтар адамдардың неліктен жұмыс уақытына қарағанда, демалыста көп шаршайтынын түсіндірді. Бұл туралы «Zhambylnews» AA хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

Бірінші кезекте, мұндай «ауруға» бос уақыты аз адамдар ұшырайды. Мұндай адамдар бар күшін жұмыс уақытында жұмсайтындықтан, олар демалыс бастала сала тез шаршап, тіпті ауырып қалады.

Демалыс кезіндегі қатты шаршау күнделікті ұйқының қанбауына да байланысты. Бұл жағдайда, адамдар тіпті демалыс кезінде де ұзақ ұйықтайтын болса, дене өзін әлсіз сезінеді.

Сонымен қатар, мамандар осындай құбылыстың пайда болуының тағы бір себебін – алкогольмен байланыстырды. Себебі, ішімдік ішкен адам дұрыс ұйықтай алмайды.

Сондай-ақ, йодтың жетіспеушілігі кейіннен қалқанша безінің дұрыс жұмыс істемеуіне әкеліп, созылмалы шаршау синдромының пайда болуына себеп болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.