2018 жылғы бірінші жартыжылдықта инфляция 2,6 пайыз болды

0 5

2018 жылғы бірінші жартыжылдықта инфляция 2,6 пайыз болды. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Ұлттық банкі төрағасы Данияр Ақышев айтты, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«2018 жылғы бірінші жартыжылдықта инфляция 2,6 пайыз болды. Бұл өткен жылғы осындай кезеңдегі көрсеткіштерден төмен. Жылдық инфляция өткен жылдың соңындағы 7,1 пайызбен салыстырғанда маусымда 5,9 пайызға дейін баяулады. Осылайша, инфляция деңгейі 2018 жылға арналған 5-7 пайыздық нысаналы дәлізге сәйкес келеді», — деді ол.

Ұлттық банк басшысының айтуынша, инфляциялық күтулердің төмендеуі байқалады. Халық арасында жүргізілген сауалнама нәтижелері бойынша бір жыл алға күтілетін инфляцияны сандық бағалау жыл басындағы 7,1 пайыздық мәннен төмендеп, 6 пайыз деңгейінде болды.

«Инфляциялық процестердің баяулауы және осы үрдістің орта мерзімді перспективада сақталуын бағалау базалық мөлшерлемені төмендетудің негізгі факторларының бірі. Ағымдағы жылдың басынан бастап ол 4 рет 10,25 9 пайызға дейін төмендетілді», — деді Данияр Ақышев.

Leave A Reply

Your email address will not be published.