Қазақстандықтардың орташа жалақысы қанша екені белгілі болды

0 3

Тимур Сүлейменовтің айтуынша, еңбекақы қалыпты қарқынмен өсіп жатыр. Осы жылдың қаңтар-мамырындағы жағдай бойынша қазақстандықтардың орташа айлық еңбекақысы 152,8 мың теңгені құрады. Бұл туралы бүгін ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов мәлімдеді, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап. 

Министр Қазақстанда бірінші жартыжылдық қорытындысы бойынша еңбекақы қалыпты қарқынмен өсіп жатқанын атап өтті.

«Осы жылдың қаңтар-мамырындағы орташа айлық еңбекақы 152,8 мың теңгені құрады және нақты мәнде 0,8 процентке өсті. Қаңтар-сәуірде нақты ақшалай кірістер 1,2 процентке өсті», — деді Сүлейменов үкімет отырысында.  

Сондай-ақ, ол экономикалық қызметтің барлық дерлік сегментінде оң серпін байқалып отырғанын айтты.

«Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша ЖІӨ-нің өсімі 4,1 процентті құрады. Инфляция біртіндеп азайып келе жатыр және соңғы үш жылдағы ең төмен мәнге жетті. Жыл басынан бері ол 2,6 процентті құрады, ал жылдық инфляция – 5,9%. Инфляцияның барлық компоненті бойынша баға өсімі бәсеңдегені байқалады», — деді министр.

Ал негізгі капиталға салынатын инвестициялар бойынша жоғары өсу үрдісі сақталған. Өсім 25,8%-ті құрады.

«Биыл 1 маусымындағы жағдай бойынша елдің халықаралық резервтері 0,9%-ке ұлғайып, 89,9 миллиард АҚШ долларына дейін жетті. Ұлттық қордың активтері 1,5 процентке өсті», — деп түйіндеді Сүлейменов.

Leave A Reply

Your email address will not be published.