Жамбыл облысында телерадиохабар тарату 100% цифрлы жүйеге көшеді

0 2

Аналогтық телерадиохабар таратудың дәурені аяқталуға жақын.  Яғни, ел аузында антена аталатын қабылдағыш арқылы эфир таратылмайды. Себебі, барлық хабар тарату цифрлы жүйеге көшеді. Бұл туралы «Zhambylnews» AA Jambyl телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Осы жаңалықты елге жеткізіп, көпшілік көрерменді құлақтандыру мақсатында құрылған арнайы ақпараттық-мобильдік топ жұмысын бастады. Аудан–ауылды аралап, тұрғындармен кездесулер өтеді. Бұл жұмыстар бүгін Байзақ ауданында бастау алды.

«Қазтелерадионың» облыстық филиалының мамандары мен ішкі саясат басқармасы  және Жамбыл телеарнасының өкілдерінен құралған  ақпараттық —  мобильдік топ халық саны көп шоғырланған ауылдық жерлерде  цифрлік теледидар артықшылығы туралы түсініктеме жұмыстарын жүргізуде.  Өткізілген талдауға сәйкес бүгінгі күні аудан халқының 90 пайызы осы жүйеге ауысқан.

Жиналған тұрғындардың дені ауыл белсенділері. Түрлі  сұраққа тиісті мамандардан жауап алған олар цифрлы жүйенің тиімділігін ағайындарға жеткізуге ниетті.

Әлімбай СЕЙСЕНӘЛИЕВ — ауыл тұрғыны

— Келіп түсіндіргендері дұрыс болды. Менің үйімде Отау цифрлік теледидар тұр. Енді ағайын, туыс, ауылдастарға жеткіземіз жаңалықты.

Облыс бойынша жыл соңына дейін  цифрлық телеарна эфирімен тұрғындардың 100 пайызын қамтамасыз ету көзделген. Түсіндіру жұмыстары ертең жамбыл ауданында жалғасатын болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.