Қазақстанның батысы мен оңтүстігінде ауа температурасы 40-43°С-қа дейін көтерілуі мүмкін, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA Қазгидрометке сілтеме жасап.
Тропосфералық процестердің қайта жандануы Сирия және Ирак аумағынан көтерілген ыстық ауа массаларының Қазақстанның батысы мен оңтүстігіне келуіне жағдай жасайды. Аталған өңірлерде ауа температурасы 40-43 градусқа дейін көтерілуі мүмкін әрі жауын-шашын болмайды.
Республиканың шығыс бөлігіне Сібірден салқын әрі ылғалды ауа ағыны келе бастайды. Сондықтан бұл өңірлерде жылы ауа райы сақталады, күн күркіреп, өткінші жаңбыр жауады, жел соғады.
Ауа температурасы көпжылдық орташа мәнге жуықтайды, бірақ республиканың батыс облыстарында климаттық нормадан 3-7 градусқа жоғары болады.