Алдағы күндері Қазақстанда 43 градус ыстық болады

0 2

Синоптиктердің болжауынша, оңтүстікте аптап ыстық, ал солтүстікте жылы болады. «Қазгидромет» РМК 17-19 шілде аралығындағы ауа райына болжам жасады, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA.

Қазгидрометтің ақпаратынша, алдағы үш күнде республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-батысы мен батысында ауа температурасы +40…43 градус болады, ауа райы жауын-шашынсыз. Мұндай ауа райы Кіші Азия аудандарынан ығысатын ыстық ауа ағындарымен байланысты.

«Ал шығыс және оңтүстік-шығыс облыстарына Сібірден салқын және ылғалды ауа келеді. Соның әсерінен кей жерлерде найзағай жарқылдап, өткінші жаңбыр жауады, күн жылы болады», — делінген хабарламада.

Leave A Reply

Your email address will not be published.