Жамбыл облысының коммуналдық меншігінде 1434 мемлекеттік мекеме тіркелген

0 3

Бұл туралы ӨКҚ алаңында өткен өткен брифингте  Жамбыл облысы әкімдігі қаржы басқармасы басшысының орынбасары Батырхан Әкек мәлім етті,  — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA.

2018 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша Жамбыл облысының  коммуналдық меншігінде 1434 мемлекеттік заңды тұлғалы мекеме тіркелген. Оның 1008 коммуналдық мемлекеттік мекеме болса, 75-і шаруашылық жүргізу құқығындағы кәсіпорын, 24-і жауапкершілігі шектеулі  серіктестіктер.

Сондай-ақ, коммуналдық меншіктегі ұйымдарды оңтайландыру бойынша 39 заңды тұлғаларды біріктіру нәтижесінде 23 заңды тұлға таратылып, 16 заңды тұлғаларға қайта құрылады. Нәтижесінде 224 штаттық бірлік қысқарып, үнемделетін бюджеттік қаржы 290,6 млн. теңгені құрайды.

Жалпы коммуналдық меншіктегі ұйымдарды біріктіру, орталықтандыру мен қысқарту бойынша 690 бірлік штат саны қысқарып, 634,7 млн. теңге қаржы үнемделетін болады.

Айта кетерлігі, өткен жылы Жамбыл облысының коммуналдық меншігін басқарудан 1 291,0 млн. теңге түсу жоспарланса, нақты түсені 1 472,0 млн. теңге болып орындалысы 114%-і құраған болатын.

Leave A Reply

Your email address will not be published.