Солтүстік Қазақстан облысының оқушылары Жамбыл жеріне саяхаттап келеді

0 9

Бүгін «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Қазақстанның киелі нысандарына, соның ішінде Астана қаласына бару жөніндегі республикалық өлкетану акциясы» аясында Солтүстік Қазақстан облысынан 25 оқушы тарихы терең Тараз қаласына саяхаттап келеді. Бұл туралы «Zhambylnews» АА хабарлайды.

18-20 шілдесі аралығында өтетін саяхатта  оқушылар Тараз қаласындағы «Көне Тараз» тарихи-мәдени орталығын (археологиялық саябағын және мұражайын), ХІ ғасырда салынған Қарахан баба кесенесін, Жамбыл облыстық тарихи өлкетану мұражайын, Жеңіс саябағын, ХІ-ХІІ ғасырлардағы Айша бибі, Бабаджа хатун, «Тектұрмас» кесенелерін, Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған монументін және «Тараз Арена» спорт кешенін аралап, киелі шаһардың мәдени нысандарымен танысады.

Аталған шара арқылы оқушылар Жамбыл өңірінің өлке тарихы және танымал тұлғалары жайлы қызықты деректер мен мол мәліметтер алады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.