Жер қатынастары саласындағы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізімі

0 55

«Тараз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесімен Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы «27» наурыздағы № 272 бұйрығына  сәйкес жер қатынастары саласындағы келесі мемлекеттік қызметтерді көрсетеді:

«Мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту», «Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту», «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» және «Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру».

2018 жылдың бүгінгі күніне көрсетiлген мемлекеттiк қызметтердiң саны 1111 құрады, оның iшiнде көрсетiлген мемлекеттiк қызметтер:

— мемлекет жеке меншiкке сататын нақты жер учаскелерiнiң кадастрлық (бағалау) құнын бекiту — 174;

— жер учаскелерiн қалыптастыру жөнiнде жерге орналастыру жобаларын бекiту- 909;

— жер учаскесiнiң нысаналы мақсатын өзгертуге шешiм беру — 27;

— iздестiру жұмыстарын жүргiзу үшiн жер учаскелерiн пайдалануға рұқсат беру  — 1;

Сонымен қатар, «Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 4 шілдедегі № 285 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 11 қаңтарында  №17 бұйрығымен өзгерістер енгізілген.

Осы бұйрыққа сәйкес, «Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасын келісу және беру» және «Жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау» мемлекеттік қызметтер көрсетіледі.

Көрсетіліп жатқан мемлекеттік қызметтер толығымен «Е-лицензиялау» және халыққа қызмет көрсету орталығы ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі (ХҚКО ЫАЖ) арқылы электронды түрде көрсетіледі.

 Мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша халықтың қол жетiмдiлiгi және ақпараттандырылуы мақсатында, мемлекеттiк мекемеде көрнекi ақпаратымен стендтер орналастырылды (стандарттар, өтiнiштердiң үлгiлерi және т.б.). Тараз қаласы әкімінің  ресми сайтындағы «мемлекеттiк қызметтер» тарауында мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет стандарттары, регламенттері, шағымдану тәртiбi, байланыс ақпараты орналастырылды.

Бөлiмде мемлекеттiк қызмет көрсетуге қатыстырылатын компьютерлiк техникалардың барлығы заманауи талаптарына сай келеді және барлық қажетті байланыс желілеріне қосылған, әр маманның электрондық сандық қолтаңбасы бар.

Мемлекеттiк қызмет көрсету бойынша шағымдар жоқ және мемлекеттік қызметерді ұсыну бойынша мерзiмдерi бұзылмаған.

   Тараз қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі басшысының  уақытша міндетін атқарушы  Башанов Біржан

 

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.