Бірлігі жарасқан Ұлыстар

0 2

Тәуелсіздік алғаннан бері татулығы жарасқан халықтың бір шаңырақ астында өмір сүруі Елбасының сарабдал саясатының арқасы. Бүгінде ұлттар достығы Қазақстан халқы Ассамблеясының шаңырағының астында шоғырланып, әр этномәдениет өкілдері өздерінің салт-дәстүрін ғұрыптап, еліміздің өсіп-өркендеуіне де өз септігін тигізуде, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA. 

Қазіргі таңда, ресми тіркелген 24 этномәдени бірлестіктер 250-ге жуық іс-шара  ұйымдастырылған. 7 ірі кәсіпорындарда қоғамдық келісім Кеңестері жұмыс жүргізуде.

Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы Ұ.Сламбекованың айтуынша, кеңестің негізгі міндеті – азаматтық принцип негізінде қазақстандық бірегейлікті және қоғамда қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту,  азаматтық қоғам институттарын, саяси және үкіметтік емес ұйымдарды, басқа бірлестіктерді ұйыстыру, Қазақстан халқы Ассамблеясының мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізудің, «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясын жүзеге асырудың және Жаңа Қазақстандық Патриотизмді тәрбиелеудің біртұтас тәсілдерін әзірлеу болып табылады.

Ірі кәсіпорындарда құрылған қоғамдық келісім кеңестерінің күн тәртібінде Елбасының Жолдауы, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы, «Бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа Үндеуі түсіндірілді.

Тұжырымдаманы іске асырудың басты міндеттерінің бірі – «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясы мен оның құндылықтарын қазақстандық қоғамда, әсіресе жастар арасында ілгерілету болып табылады. Аталған бағытта  қалада түрлі деңгейдегі іс-шаралар ұйымдастырылуда. Атап айтқанда, «Мәңгілік Ел» идеясы аясында ұлттық құндылықтарымызды, оның ішінде айтыс өнерін дәріптеу мақсатында Ж.Жабаевтың туған күніне орай «Жамбыл – менің жай атым, халық – менің шын атым» атты республикалық ақындар айтысы,  «Менің елім Мәңгілік ел»,  «Мәңгілік елге бастайтын бағдар» атты  «дөңгелек үстел» отырыстары, байқаулар  өткізілді.

Сонымен қатар, «Алғыс айту» күні мерекесіне орай қалада тұратын түрлі ұлттармен бірге Мәңгілік Ел болу мақсатында кең көлемді іс-шаралар өткізілді.

«Достық» үйінде қырғыз елінен келген қонақтарды қарсы алып, «Рахмет саған!» тақырыбында театрландырылған көрініс, мерекелік іс-шаралар, түрлі ұлт өкілдерінің қазақ халқының достығы мен дархандығы үшін «Қазақ халқына алғыс айтамыз!», «Жаныңда жүр жақсы адам»  тақырыбында фестивальдар, байқаулар өткізілді. Бұл орайда  әлеуметтік көмек алып жатқан жандар да бар. Мәселен, ірі кәсіпорындар мен жеке кәсіпкерлер  жалғызбасты қарттарға, әлеуметтік аз қамтылған отбасыларының мүшелеріне, мүмкіндігі шектеулі жандарға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балаларға «Қайырымды Ел» атты акция  аясында көмектер көрсетті.

Сондай-ақ  «Ұлы Дала Елінің киелі мұрасы» атты республикалық тарихи-экологиялық акциясы аясында өткізілетін жол картасының 1 кезеңіне  сәйкес ҰОС жылдарындағы Жамбыл қаласындағы госпитальдарда жарақаттан қаза болған Совет армиясы жауынгерлеріне арналған обелискінің маңында «Қамқор» атты экологиялық акциясы ұйымдастырылып, тазалық жұмыстары жүргізілді. Мұндай шара алдағы уақытта да өз жалғасын тауып, түрлі бағыттағы жұмыстар атқарылатын болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.