Мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенді пышақтап кетті

0 30

Алматыда Денис Тен жарақат алып, ауруханаға түсті. Бұл ақпаратты №12 орталық аурухананың қабылдау бөлім растады, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Денис Тен бізге түскі сағат 15:00 шамасында түсті. Қазір жансақтау бөлімінде жатыр», — деді аурухана мамандары.

Оқиға куәгерлерінің айтуынша, спортшыны біреу пышақтап кеткен.

Айта кетсек, 25 жастағы мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен 2014 жылы Сочиде өткен Олимпиада ойындарының қола жүлдегері атанған болатын.

Пікір қалдырыңыз

Your email address will not be published.