ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Рашид Жақыпов «102» қызметіне қатысты тұрғындардың шағымы бойынша сауалға жауап берді, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA ҚазАқпарат — қа сілтеме жасап.
Баспасөз мәслихаты барысында тілшілер тарапынан «102» нөміріне байланысқа шығу қиынға түсетінін, осы орайда тұрғындар жиі шағымданатындығы айтылды.
Өз кезегінде Р. Жақыпов полицияның кезекші бөлімдерінде бір тәулікте қабылданатын телефон қоңырауларының үлесі айтарлықтай жоғары екенін атап өтті.
«Сондықтан тұрғындардың байланысқа шыға алмауының кейбір жағдайлары бұл желілердің жүктемелері шамадан тыс көп болған кезде орын алады. Ішкі істер органдарына келіп түсетін хабарламалар міндетті түрде тіркеледі. Кезекшілік бөлімдерге біздің қызметке мүлдем қатысы жоқ хабарламалармен адамдар байланысқа шығып жатады. Яғни, тұрғындар полиция осы тектес сұрақтарға жауап беруі тиіс деп ойлайды», — деді министрдің орынбасары.
Еске сала кетейік, Астанада ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Рашид Жақыпов Денис Теннің өліміне қатысты тергеу бойынша брифинг өткізіп жатыр.