«7-20-25» ипотекалық бағдарламасы: Жамбылдықтар 15 миллион теңгеге тұрғын үй сатып ала алады

0 0

Тұрғын үй сатып алу үшін Астана, Алматы, Ақтау және Атырау қалалары үшін бағаның ең жоғары шегі 25 миллион теңге, ал қалған өңірлер үшін — 15 млн теңге деп белгіленді. Бұл туралы ӨКҚ алаңында өткен брифингте ҚР Ұлттық Банкі Жамбыл филиалының директоры Евгений Шарыгин айтты, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA.

Кредиттің сомасы 12 млн. теңге болғанда ипотека алушы айына 85 мың теңге төлейтін болады. Баспана құны төмен өңірлерде кредиттің сомасы 7 млн. теңге болуы мүмкін. Бұл ретте сатып алушы айына 50 мың теңге төлейтін болады.

Жамбыл облысы бойынша 19.07.2018 жылғы жағдайға банк филиалдарымен 31,03 млн. теңгеге 3 өтініш қабылданып, 18,3 млн.теңгеге 2 өтініш мақұлданды.

Қазіргі таңда, «Баспана» арнайы компаниясы Центркредит Банкімен, Халық банкпен, Еуразия Банкпен, Цесна Банкпен, АТФ Банкпен, РБК Банкімен және Тұрғын үй құрылысы жинақ банкімен келісімге қол қойған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.