Тараздықтар елордалық суретшілердің шығармаларын тамашалай алады

0 3

25-26 шілдеде Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану мұражайының көрме залында «Ақ тілекпен Астана!» көрмесі өтеді, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA.

Бүкіл мемлекетті аралап шығатын экспозицияға С.Смағұлов, М.Бекеев, Р.Күлбатыров, С.Аллабергенов, Н.Каржасов сынды танымал 50 отандық суретшінің 100 үздік туындысы қойылады. Көрмеде Жанна Спунердің жеке коллекциясындағы еңбектерді, сонымен қатар, астаналық шеберлердің картиналары мен мүсіндерін тамашалауға болады.

Мұнымен қоса, Тәуелсіздік сарайы ұсынған Өмірбек Төлеулиевтің «Елім-ай» сериясы көпшілік назарына ұсынылады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.