Қазақстан тәуелсіз ел ретінде Жазғы Азиада ойындарына 1994 жылдан бастап қатыса бастады. Содан қазірге дейін Қазақстан құрамасы 6 Жазғы Азия ойындарында бақ сынап үлгерді. Енді, санаулы күндерден кейін жерлестеріміз үшін жетінші Жазғы Азиаданың алауы тұтанады.
Қазақ спортшылары алғашқы Жазғы Азиада ойындарын жеке ел ретінде Жапонияның Хиросима қаласында өткен ойындардан бастады. Онда отандастарымыз 25 алтын, 26 күміс, 26 қола медальмен жалпыкомандалық есепте төртінші орынға табан тіреді. Екінші ойындарын 1998 жылы Бангкокте өткізіп, Тайландттан кейінгі 5-орынға тұрақтады. Ал 2002 жылы Оңтүстік Кореяның Пусан қаласында өткен ойындарда 20 алтын, 26 күміс, 30 қола медальмен 4-орынға қайта орнықты. 2006 жылы Катарда да төрттіктен түскен жоқпыз. 2010 жылы Қытайдың Гуанчжоу қаласында өткен додада алдымызға Иранды жіберіп, 5-орынға сырғыдық. Ал соңғы 2014 жылы Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында өткен XVII жазғы Азиадада 28 алтын, 23 күміс, 33 қола медальмен үздік төртінші орынға қайта қол жеткіздік.
Жалпы жазғы Азиада ойындарындағы үздік бестікте келе жатқан мемлекеттер мен Қазақстанның әр жылдардағы медальдар саны:
Енді, кезекті XVIII Азиада ойындары санаулы күндерден кейін Индонезияның астанасы Джакартада және Суматра қалаларында 8 тамыз бен 2 қыркүйек аралығында өтеді. Онда 462 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Қазақстаннан 419 атлет спорттың 38 түрінен жарыс жолына шығады.
Дереккөз: ҚазАқпарат