Үш қазақстандық пен тағы 22 адам АҚШ-та көліктерді сатып, ірі көлемдегі алаяқтық жасады деп айыпталып жатыр.
Нью-Йорктің Оңтүстік округының прокуратурасының мәліметінше, қылмыстық топта Ресейдің 7 азаматы, сондай-ақ, Грузияның 5 азаматы, Әзірбайжанның 4 азаматы, Қазақстанның 3 азаматы, Латвияның екі тумасы және Украинаның екі азаматы болған. Мұнымен қатар, тізімде АҚШ пен Түркия азаматтығын алғандар бар.
Басылымның мәліметінше, осы іс бойынша әзірше Нью-Йоркте 11 адам, Флорида мен Мичиганда бірнеше адам ұсталды. Сегіз адамға іздеу жарияланды, олардың ішінде 6 ресейлік бар.
Айыптау қорытындысы айыпталушылардың көлік сатылатыны жайлы жалған хабарламалар жариялап, адамдардан кепілақы алып, жасырынып жүргенін айтады. Мұнымен қоса, алаяқтар жалған фирмалар ашқан. Осылайша, олардың келтірген залалы шамамен 4,5 миллион долларға жеткен.
Прокуратура мәліметінше, осы істегі әрбір фигурант 30 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Сондай-ақ, ақша жымқыру мақсатында алдын ала келісімге келіп жұмыс істегендері үшін әрқайсысы 20 жылға сотталуы мүмкін екені айтылады.
Дереккөз: РИА Новости