Байқоңырдағы мектептегілер Мәскеуде мұғаліміне пышақпен шабуылдады деп айыпталып жатқан Жасұлан Құдайбергенов жайлы айтып берді, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA Tengrinews.kz — ке сілтеме жасап.
Ер адам Н. Э. Бауман атындағы Мәскеу мемлекеттік техникалық университетінің оқытушысына шабуылдады деген күдікпен қамауға алынған. Мектеп әкімшілігі өз түлегі жайлы тек жақсы қырынан сипаттап отыр. Айтуларынша, жігіт өте ақылды әрі ресейлік беделді жоғары оқу орнына өз білімімен түскен.
«Әлі күнге таңғалып отырмыз. Жасұлан Құдайбергеновті жақсы білемін, әрі мұндай қадамға барады дегенге сенбеймін. Өте байсалды, адекват еді. Жақсы отбасынан шыққан, шешесі перзентханада жұмыс істейді, үйінде тағы алты бала бар. Мұнда ол «4» пен «5»-ке оқыды, тәрбиелі еді. Ең ақылды бала. Бізге профессорлар келіп, олимпиада ұйымдастырады. Барлығы мұнда «Бауманкаға» (Н. Э. Бауман атындағы Мәскеу мемлекеттік техникалық университеті) түсу үшін дайындалады, түсе алмай қалатындары да баршылық. Ол өз білімімен түсті. Әлі күнге мұндай қадамға барды дегенге сене алар емеспін», — дейді Байқоңыр қаласындағы В.Н.Челомей атындағы халықаралық ғарыш мектебінің әкімшілігіндегілер.
Айта кетейік, Н. Э. Бауман атындағы Мәскеу мемлекеттік техникалық университетінің экс-студенті Жасұлан Құдайберенов осы білім ордасындағы мұғалімге ауыр дене жарақатын салды деген күдікке ілінген. 30 тамызға дейін күдікті қамауда болады.
«Қазақстан азаматы 2 айға қамауға алынды, 30 тамызға дейін. Оған денсаулыққа қасақана зиян келтірді деген айып тағылып отыр. Әзірше тергеу жүріп жатыр. Қазір, ол уақытша ұстау изоляторында. Біздің консулдар барып-қайтты, адвокатпен байланыс орнатты. Жағдайы мен денсаулығына шағымы жоқ», — деп хабарлаған еді мұның алдында ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.